Академик Төрегелді Шарманов сыйлығын беру туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Осы Ереже академик Төрегелді Шарманов сыйлығын (бұдан әрі – сыйлық) беру және төлеу тәртібін айқындайды.
1.2. Сыйлықтар «Төрегелді Шармановтың халықаралық қоры» ҚҚ атынан беріледі.
1.3. Сыйлықтар Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына денсаулық және медицина мәселелері жөніндегі ғылыми-көпшілік ақпараттық материалдарды қазақ тілінде жариялағаны және жан-жақты дамытқаны үшін беріледі. Аталған сыйлықтарды алу үшін арналған конкурсқа денсаулық және медицина мәселелері жөніндегі ғылыми-көпшілік ақпараттық материалдарды қазақ тілінде жариялаған тұлғлар қатыса алады.
1.4. Сыйлық лауреаттарын марапаттау әр тоқсанда бір рет өткізіледі және 3 лауреатқа табысталады. Марапаттау күні мен уақытын Комиссия айқындайды.
1.5. Әрбір сыйлық диплом мен әрбір ізденушіге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыдан тұрады.
1.6. Сыйлық бір ізденушіге немесе бірлескен жұмысы үшін бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйақы сомасы лауреаттар арасында тең бөлінеді, ал диплом лауреаттардың әрқайсысына беріледі.
2. Сыйлықты алуға жұмыстарды ұсыну тәртібі
2.1. Сыйлық алуға жұмыстарды ұсыну жыл бойы тоқсан сайынғы академик Төрегелді Шарманов сыйлығын беру жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) берілген сыйлықтар алуға өтінімдер негізінде жүргізіледі. Комиссия құрамы 7 (жеті) мүшеден аспайды. Сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарға соңғы жылда жарияланған ғылыми-көпшілік ақпараттық материалдар қабылданады.
2.2. Осы Ереженің 1.3-тармағында белгіленгендей, кез-келген автор (дәрігерлер, журналистер, студенттер, блогерлер және материалдарды дайындаған өзге де тұлғалар) сыйлықтың лауреаты бола алады.
3. Конкурс өткізу тәртібі
3.1. Конкурс туралы хабарландыру Төрегелді Шармановтың халықаралық қорының сайтында және Комиссия өз бетінше анықтауға құқылы өзге де сайттарда жарияланады.
3.2. Конкурсқа қатысу үшін Ереженің қосымшасында берілген формаға өтінім беріледі.
3.3. Сыйлық алуға өтінімдер сканерленген түрде жыл ішіндегі жұмыс күндері электрондық поштаға ұсынылады: sharmanovfund@gmail.com, байланыс телефондары: 8 702 575 76 48..
Өтінімде міндетті түрде өтініш берушінің қолы мен жіберілген күні көрсетіледі.
3.4. Өтінімде жарияланған материалдарға сілтеме көрсетіледі немесе жарияланым жобасы қоса беріледі. Жарияланым материалдары қысқа мақала түрінде (Facebook, Instagram, жаңалықтар сайттарында), Youtub-те бейнеролик түрінде, анимация, комикс немесе инфографика түрінде болуы мүмкін.
3.5. Конкурсқа түскен құжаттар мен конкурстық материалдарды есепке алу Комиссия хатшысына жүктеледі.
3.6. Комиссия конкурсқа берілген өтінімдердің ішінен әр тоқсанда 3 (үштен) артық емес ізденушіні іріктейді. Комиссия берілген өтінімдер саны аз болған жағдайда және/немесе берілген материалдар сапасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда ізденушілердің аз санын таңдауға құқылы.
3.7. Комиссия сыйлық алуға өтінім берген ізденушілерді балдық жүйе бойынша критерийлерге сәйкес бағалайды.
3.8. Сыйлық беру критерийлері – 0-ден 10 баллға дейін;
3.9. Академик Төрегелді Шармановтың сыйлығын беру критерийлері:
- Өзектілігі және пайдалылығы;
- Жарияланымның ғылыми негізділігі және дәйектілігі;
- Сөз саптауы және/немесе баяндау стилінің болуы;
- Ақпараттың медициналық білімі жоқ оқырмандарға түсінікті болуы;
- Максималды қамту (сайтқа бірегей келушілердің болуы, әлеуметтік желілердегі қаралымдар, оқырмандар мен өзара әрекеттесу);
- Барлық авторлық құқықтардың сақталуы (плагиаттың болмауы);
- Материалдарға қойылатын талаптар: жарияланымның баспа таңбасы 1000-нан 4000-ға дейін; Youtube-гі бейнероликтердің ұзақтығы 5 минутқа дейін.
3.10. Конкурс лауреаттарын таңдауды Комиссия мүшелері көзбе-көз (оның ішінде Zoom қосымшасын немесе өзге де қосымшаларды пайдалану арқылы) және сырттай дауыс беру жолымен жүзеге асырады және сыйлық тапсыру рәсіміне дейін кемінде екі апта бұрын өткізілетін отырыста түпкілікті бекітіледі. Өтінімдер келесі күндерге дейін қабылданады: I тоқсан – 31 наурызға дейін, II тоқсан – 30 маусымға дейін, III тоқсан – 30 қыркүйекке дейін, IV – 28 желтоқсанға дейін.
4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
4.1. Комиссия ізденушілердің жұмысын қарастырады және жинаған балл санын есепке ала отырып, конкурс жеңімпаздары туралы шешім қабылдайды. Егер конкурсқа қатысушылар бірдей балл жинаған жағдайда, жеңімпаз туралы шешім Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Комиссия отырысы, егер оған кемінде 4 (төрт) мүшесі қатысса заңды деп есептеледі.
4.2. Комиссия мүшелері конкурсқа қатыса алмайды.
4.3. Конкурс лауреаттары конкурс нәтижелері туралы лауреаттарға сыйлық табыстағанға дейін кемінде бір апта бұрын жазбаша (оның ішінде электрондық пошта арқылы) хабардар етіледі. Конкурс лауреаттары туралы ақпарат Төрегелді Шармановтың халықаралық қорының ресми сайтында және/немесе Комиссия өз бетінше анықтауға құқылы өзге сайттарда орналастырылады.
4.4. Сыйлық лауреаттарына дипломды Комиссия төрағасы немесе Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша өзге тұлға тапсырады.
5. Сыйақы төлеу тәртібі
Сыйақыларды төлеу Комиссия шешімі мен лауреаттың жеке өтініші негізінде конкурс лауреаттарының банктерде және өзге кредиттік ұйымдарда ашылған жеке (есеп айырысу) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен диплом табысталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығын алуға
ӨТІНІМ
Ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты:___________________________
Туған күні:_____________________________________________
Жеке куәлік деректері: __________________________________
(Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берілгені)
Мекен-жайы:______________________________________________________
Байланыс телефоны:__________________________________
E-mail:____________________________________
Ізденуші материалының атауы:________________________________
Жарияланған материалға сілтеме (немесе өтінімге қоса берілетін материал жобасы):_____________________________________________
Осы өтінімге қол қоя отырып, ізденуші материалдардың интеллектуалдық меншікті (авторлық құқықты) қорғау туралы барлық талаптарды сақтай отырып әзірленгеніне, материалдарда плагиат элементтері жоқ екеніне, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді және растайды. Кейін авторлық құқықтың бұзылуы анықталған жағдайда сыйлықтың ұйымдаструшысы/Комиссия ізденушіге берілген сыйлықты қайтару туралы талапты жолдауға құқылы. Авторлық құқықтың бұзылуы анықталған жағдайда ізденуші шағымды (соның ішінде сот шығындарына) байланысты барлық және/немесе кез-келген мәселелерді өз бетінше реттеуге міндеттеледі.
Қолы:___________________
Күні: «___»_______________ 202___ жыл